Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
46 - сөз 7645 1 пікір 6 Маусым, 2016 сағат 00:24

МҰРТЫ ЖОҚ, САҚАЛДЫ ҚАЗАҚТЫ КӨРСЕМ...

Өзгені қайдам, сақал қойып, мұртты тықырлаған кез келген қазақты көрген сайын жүрегім ауырады. Ондайлар күн санап қаптап келеді. Оларға бір жағы жаным да ашиды...

Жан-жағымыздан жау аңталап тұр. Ал біз "о дүниедегі бақытты" ойлап, өз ұрпағымыздың болашағын аяқасты етіп жатырмыз. Әл-Фарабидің "Қайырымды қала тұрғындары" трактатындағы осы дүниені бақытты жұмаққа айналдыру деген ұғымы уаһабилерде қайдан болсын? Көшпелілердің ұрпағы жолында құрбан болатын даналығы, өмірінің жалғасын перзенттерімен, олардың баянды болашағымен өлшейтін даралығы қайдан қаперге алынсын? Жүректі сан сауал мазалайды? Шаңырағы шайқалып, діни мутанттар қолынан қаза тапқандардың обал-сауабы кімге? Жер мәселесінде "жеделдік" танытқан билік сансыз діни мутанттардан елді қорғай ала ма? Қисапсыз уаһабилерге қарсы қояр амалы қайсы? Осындай сауалдар жүйкені жегідей жейді... Әлде күл болмасаң, бұл бол деп, флеш-моп, акция, КВН, дебат деп босқа далаға ақша шашып, "сандалбай саюз" жырын қайталап жүре береміз бе? Ұлттар достығы деп ұрандап қазақтың басына бұлт үйірілгенде бір күн де тұрақтамайтындарға жағдай жасап жүре береміз бе?

Арман Әубәкір

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1515
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3131
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1128
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1049