Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 4403 0 пікір 3 Маусым, 2016 сағат 10:42

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ҚАЖЕТ. АЛАЙДА, АНА ТІЛІМІЗДЕН АЙРЫЛМАУЫМЫЗ КЕРЕК!

Бірыңғай Ұлттық тестілеуге кеше  18 599 үміткер өтініш білдіріп  17 934 талапкер қатысты. Түлектердің 13 026-сы қазақ, 4 908-і орыс тілінде сынақ тапсырыпты. Тестілеу 44 мектепте (пунктте) өткен.  

Бірнеше рет тәртіп бұзу себебінен 4 түлек тестілеуге қатыстырылмаған. Тест барысында тиым салынған 8 522 құрал анықталды (2015 жылы тиым салынған 7712  құрал тәркіленген болатын).

2015 жылдың түлектері орташа 79,7 балл жинаса, биылғы түлектердің орташа балы әзірше 83,7 баллды көрсеткен. Сөйтіп, 2016 жылы мектеп бітірген оқушылар былтырғы жылмен салыстырғанда ҰБТ-ға дайындық деңгейін 4 есеге арттырғаны байқалды.

Әйткенменде, 2277 бала тиісті 50 балл жинай алмай қалған. 50 балл алмағандар 2015 жылы 3478 болыпты. Кеше өткен ҰБТ-дан Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының екі оқушысы, №12 мектеп-гимназиясының бір оқушысы ең жоғарғы балл – 125 балл алды. 3834 үміткер 100-ден жоғары баллға ие болған.

P.S. Жоғарыдағы шағын статистикадан көріп отырғандарыңыздай, ҰБТ-ға қатысып, бағын сынап жатқан балалардың басым көпшілігі қазақ тілінде мектеп бітірген түлектер көрінеді. Үкімет пен парламент өзге елдің мемлекеттік тілінде сөйлесе де, тіпті, байтақ даласында өмір сүріп жатқан байырғы ұлттың талап-тілегіне қиғаш заңдар қабылдап, әрекеттер жасап бақса да, қазақша сөйлейтін ұрпақ жауқазындай жайқалып өсіп келеді. Жалпы биыл 121 091 оқушы мектеп бітірді. Оның 83 330-ы таза қазақ мектебінде оқығандар.  37 762  үміткер орыс және өзге тілдерде дәріс алғандар. Бұл көрсеткіштің ара салмағы келесі жылы тағы да өзгере түсуі мүмкін. Әйтсе де, бірақ, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырза қазақ баласын ана тілінен айырып ағылшын және орыс тілдеріне басымдық беретін мектеп реформасын қолға алуда. Ағылшын тілі керек-ақ. Оған ешкімнің дауы да, дамайы да жоқ. Бірақ, осы екі тіл, әсіресе, көрші елдің мемлекеттік тілі - орыс тілі  неге қазақ тілінің есебінен оқытылуы керек?.. Жер тағдырына алаңдап отырған ел ішін, міне, осы мәселе де қатты толқытып тұр.

Abai.kz    

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572