Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4375 0 пікір 31 Мамыр, 2016 сағат 09:39

Қостанайлық шағын кәсіпкерлер арзан несие ала алады

Қостанай облысында  «Атамекен Қостанай» микроқаржылық ұйым» ЖШС-і  құрылуда.  Ол Ұлттық банкте тіркелгеннен соң іске қосылады.  Яғни, маусым айының соңы мен шілде айының басына қарай өңір тұрғындарына өз ісін ашу үшін тиімді шарттармен несиелер беріле бастайды.

Ұйымның құрылуына осы жылдың  наурыз айында жасалған «Атамекен» ҚР ҰКП, Еуразиялық топ пен облыстық әкімдік арасындағы меморандум себеп болды.

МҚҰ-ның жарғылық капиталы 588 миллион теңгеге тең. Оның 300 миллионы –   Ұлттық палатаға Еуразиялық топ бөлген қаражат, ал тағы 288 миллионы облыстық бюджет қаражаты.

Қарыз алушылар 15 млн. теңгеге дейінгі сомада, пайызсыз, берілетін соманың 4%-на тең комиссиясы бар несиеге қол жеткізе алады.

ҰКП жүргізген талдауға сәйкес, Қазақстанда қазіргі таңда әрекет ететін микронесиелік ұйымдар қаржы ресурстарын 56%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен ұсынады, ал бұл соманы көп жағдайда бастаушы кәсіпкерлердің қалтасы көтере бермейді.

 Микроқаржылық ұйымның құрылуы  кәсіпкерлердің жаңа бизнес-бастамаларына үлкен қолдау болады деп күтілуде. 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340