Жұма, 22 Қараша 2024
Білгенге маржан 10394 0 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 10:18

«АЛАШ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Жер мәселесі. 

      «Учредительное собраніе» негізгі закон [Атазаң немесе Конституция. Құраст.] жасағанда, жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі; сыбаға өлшеу – норма – жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілуі, Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілуі; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл аймақ, туысқан тобына меншіктеп алу; өзара әділдік жолымен пайдалану.

      Жер законында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.

      Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земство мүлкіне саналу

                                              Жоба жасаушылар:

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,

Міржақып Дулатов, Елдес Омаров, Есенғали

Тұрмұхамедов, Ғабдолхамид Жүндібаев 

Дереккөзі: «Алауинформ»

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302