Сенбі, 23 Қараша 2024
Көкжиек 4013 0 пікір 18 Мамыр, 2016 сағат 16:25

МӘСКЕУДЕ ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ФИЛЬМНІҢ ТУСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Мәскеу қаласының Кино үйінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірлік жолы туралы баяндайтын «Көшбасшы жолы» киноэпопеясның бесінші бөлімі болып табылатын Сергей Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмінің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қыметі.

 Жаңа кино туындының алғашқы ресейлік көрермендерінің арасында танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының өкілдері, ресей киносының шеберлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттері, соның ішінде қазақстандық студенттер болған. 

Фильм тұсаукесері барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Ресей кинематографистері одағының төрағасы Никита Михалковтың және фильм режиссері Сергей Снежкин бастаған түсуру тобы мен  актерлер Берік Айтжанов, Игорь Угольников және т.б. қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.

Режиссер Сергей Снежкин Ресей көрермендеріне Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы кинотуындының бесінші бөлімін түсіру жұмысы туралы баяндап берген.

- Бұл фильм үш сағатқа созылған үлкен эпикалық туынды. Бұл көпқабатты, күрделі шығарманы біз орыс-қазақ-неміс-корей ұжымы болып, америкалық, ағылшын, қытай және араб актерлерінің көмегімен екі жылға жуық уақыт бойы түсірдік. Бұл жұмыс біздің мақтанышымыз. 26 сәуірде Астанада өткен тұсаукесер рәсімі мені қатты қуантты, өйткені қазақстандық көрермендер туындыны өте жылы, қызығушылық таныта отырып, тамаша қарсы алды. Біздің еңбегіміз зая болмай, қазақ халқының жүрегінен өз орнын тапты деген сөз. Менің ақпаратым бойынша, фильм көрермендер тарапынан үлкен қызығушылық шақырып, Қазақстанда қызу талқыланып жатыр. Яғни көркем фильм ешкімді де селқол көзқараста қалдырмайды, - деді Сергей Снежкин.

- Бұл жұмыс менің Қазақстанға, оның халқы мен президентіне деген ыстық сезімдерімнің дәлелі болып табылады. Фильмнің басты мақсаты – қазақ туралы аңыз жасау, қазақтың көркем образын мен мінез-құлқын суреттеу болып табылады. Және дәл осы жағдайда біз алған қазақтың бүгінде қызмет етіп жатқан мінезі таңқаларлықтай терең, санқырлы, үлгі аларлықтай нақты тұлға екендігі біз үшін үлкен сәттілік. Нұрсұлтан Әбішұлы – ниеті ақ және өте адал адам, - дейді режиссер. Ол «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмінің төрт бөлімнен тұратын кеңейтілген телевизиялық нұсқасы да жарық көретіндігін айтты.

Басты рольді сомдаған Берік Айтжанов туындыны түсіру жұмысы барысында өте қатты толқығандығы туралы сөз етті.

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ролін сомдау – мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік болды. Бүкіл түсіру тобын, соның ішінде біздің актерлеріміздің жаңа мүмкіндіктерін ашқан Сергей Олегович Снежкинге зор алғысымды білдіремін. Мен үшін ұлт көшбасын ойнау үлкен мәртебе екендігін қайталап айтқым келеді. Нәтиженің қаншалықты жақсы болып шыққандығын білмеймін,  алайда біз қолымыздан келгеннің барлығын істеуге тырысып бақтық,-дейді актер.

Журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы «Көшбасшы жолы» кинотуындысының 1996 жылы Қазақстанның жаңа елордасын – Астана қаласын салуға арналатын алтыншы бөлімін түсіру жоспарларымен бөлісті.

«Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмі – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірлік жолы туралы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясның бесінші бөлімі. Бұған дейін болашақ көшбасшының балалық, жасөспірім және жастық кезі туралы «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Теміртау» және «Тығырықтан жол тапқан» атты Рүстем Әбдірашевтің фильмдері жарық көрді.

Бесінші бөлімнің түсірілімдері 2015 жылдың маусым айы мен 2016 жылдың қаңтары аралығында жүргізілді. Фильмнің негізгі оқиғаларының бірі – 1989 жылы орын алған шахтерлер бүлігі – Қарағандыда түсірілсе, Астана маңында Горбачевтің астық даласына келуі түсірілді. Қызықты ақпарат: 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасы қысқы Санкт-Петербургте түсірілген болатын. Бұл эпизодты түсіруге 600-ден астам адам қатысты.

Айсұлу Тұрсынбаева

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470