Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2810 0 пікір 22 Қыркүйек, 2016 сағат 17:01

126 мың тонна өнім жинаған

Үстіміздегі жылы Мақтарал ауданында 23 мың 358 гектар жерге бау-бақша өнімдері егіліп, шаруалар 126 мың тонна өнім жинапты. Оның 91 мың тоннасы экспортқа жөнелтілсе, 35 мың тоннасы ішкі нарықта қалған.

Ал диқандар 1,5 мың гектарға қырыққабат егіп, өнімдер Ресейге жөнелтіліп жатыр екен. Аудандағы Ералиев елді мекеніндегі бау шаруашылығымен айналысатын «Аботя» серіктестігі 12 гектар жерге жүзімнің үш түрін, ал 8 гектарға алманың екі түрін еккен. Енді сол баудан 35-40 тонна өнім жинап алуды жоспарлап отыр.

Тағы бір шаруа қожалығы - «Хайет» болса 10 гектар қарбыз, 30 гектары қауын егіпті. Ол осы 40 гектар алқаптан маусымына 1200 тонна қауын-қарбыз жинаудан үмітті.

Дихан Оразалы Бахтияров қауындарын будандастырып, қорапқа сыятындай етіп өсірген.

- Жиенбай қауынының артықшылығы - дәмі тіл үйіреді, жолға бейімді, ұзақ жолға шыдай береді. Бір картон қорапқа 5-6 қауын сйып кетеді. Мырзашөлдік диқандардың өсірген қауын-қарбыздарына шетелдіктерден де сұраныс артып келеді. Соның нәтижесінде өнімнің құны да өсті. Мәселен, былтыр бақша өнімдерінің келісін 15-20 теңгеден өткізген күндеріміз де болды. Биыл сортталған қауынның келісі 90-100 теңгеге дейін бағалануда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5600