Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 5811 0 пікір 22 Қыркүйек, 2016 сағат 10:59

АТЫРАУДА МИТИНГ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛМЕДІ

Атырау қаласының әкімдігі қамауда отырған азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды қорғау мақсатындағы акцияны өткізуге тағы да рұқсат бермеді. Жергілікті адам құқығын қорғаушы Әсел Нұрғазиева 17 қыркүйекте митингті 25 қыркүйекте өткізуге өтініш берген еді. Оған 80-ге жуық адам қатысады деп жоспарланған.

Митинг өтетін орын ретінде "Жеңіс" саясағы немесе Құрманғазы атындағы Мәдениет үйінің маңы көрсетілген. Қала билігі бұл орындарды көпшілік жиындар өтетін орын ретінде анықтаған.

Әкімдіктің өтінішті заң талаптарына сай емес деп тапқан. Қала әкімі аппаратының жетекшісі Палымбет Хасановтың айтуынша, өтініш беруші жұмыс орнын, мекен-жайын, аты-жөнін толық көрсетуі тиіс. "Заңның осы талаптары орындалмады, сол себепті өтініш қабылданбады", - деді әкімдік өкілі.

Әсел Нұрғазиеваның айтуынша, дәл осындай өтінішті ол бұған дейін де - 5 қыркүйекте тапсырған, бірақ ол жолы да митинг өткізуге рұқсат берілмеді. Сол кезде әкімдік тазалық айлығын сылтау етті.

Макс Боқаев пен Талғат Аян араздық туғызған, заңсыз митинг ұйымдастырған деген күдікпен абақтыда отыр. Екі белсенді биыл 24 сәуірде Атырауда жер реформасына қарсы мыңдаған адамдық наразылық шеруін басты ұйымдастырушылардың бірі болды. Боқаев пен Аян тағылған айыптардың саяси астары бар деп есептейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1442
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5194