Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2876 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 17:42

ОҚО-да әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінуде

ОҚО-да әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінуде. Әлеуметтік бағадарламалар да аталған облыста тиянақты түрде жүзеге асып, жүлгесін таба түсуде. Өңірдің халық қалаулыларымен болған кездесуде ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов осылай деді. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылған жұмыстардың барысын туралы облыс басшысыне есеп берген аймақ басшылары бірсыпыра атқарылған жұмыстарды тізбеледі. Баяндама жасау кезінде аймақтағы он бірдей денсаулық сақтау нысанынының құрылысы жүргізілгендігі айтылды.

Сондай-ақ, сегіз бірдей нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқаны да айтылды.

«Облысымызда әлемдік медицинадағы озық технологиялар пайдаланылуда. Балалар қан тамыр хирургиясын дамыту қолға алынды. Медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көңіл бөлініп отыр. Есепті кезеңде нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 13, қан айналымы аурулары 15, туберкулез 24, онкопатология 2 пайызға төмендеді», - деді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Атамқұлов мырза.    

Айта кетейік, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» жоспарының негізінде Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылған шаруалардың бірсыпырасын «Abai.kz» порталы жазған болатын.

Абай ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5606