Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2875 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 15:39

ОҚО-да 123 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Бұл туралы өңір басшысы Б.Атамқұлов облыстық депуттармен өткен есепті кездесуде мәлімдеді.

Онда облыс әкімі өңірде І жартыжылдықтың қорытындысымен ауыл шаруашылығының өнім көлемі 123 млрд. теңгені құрап, 2 пайызға артқанын айтты. Ал егіс көлемі өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788 мың гектарды құраған.

Есепті кездесуде мәлім болғандай аграрлы аймақтың шаруалары осы жылы дәндік жүгеріден 108,4 мың тонна, көкөністен 811 мың тонна, бақшадан 1 252 мың тонна, картоптан 195 мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнім жинаған. Сондай-ақ, облыста алғаш рет бидайдың орташа өнімділігі 22 центнерді құрап, рекордтық өнім алынып отыр.

Жиында аймақ басшысы тамшылатып суғару әдісі қосымша алты мыңға жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға, ал жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жеткенін айтты. Айта кетейік, жалпы еліміз бойынша жылыжайлардың 87% Оңтүстік үлесінде. Осы жылыжайлардан 80 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды.

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613