Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3009 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 15:36

ОҚО әкімі мәслихат депутаттарына есеп берді

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Елбасы Н.Назарбаевтың жүктеген функциялары мен міндеттерінің орындалуы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мемлекеттік бағдарламалардың өңірімізде іске асырылуы бойынша атқарылған жұмыстардың барысын баяндаған облыс әкімі аймақтағы индустрияландыру, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала мен мәдениет, білім, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартудағы жұмыстарға тоқталды. 

Халық қалаулыларымен болған есепті кездесуде аймақ басшысы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасының өңірлерді дамыту бойынша берілген тапсырмаларының орындалуы шеңберінде стратегиялық бағыттардың айқындалғанын жеткізіп, осы міндеттерді бірлесе жүзеге асыру керектігін айтты.

Айта кетейік, сәл ертеректе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімі аппараты басшысы лауазымына Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еркеғали Амантайұлы 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, білімі жоғары, мамандығы - заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2007-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің бөлім бастығы, Тауарлар нарығын мониторингілеу басқармасы бастығы, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы бастығы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

2013 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарып келді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5613