Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3593 0 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 16:11

ОҚО тұрғындары «Тәуелсіздік» тау шыңын бағындырды

Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Бұл - біздің таулар» фестивалі өтті. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Дәстүрге айналған шара биыл ОҚО, Төле би ауданы, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркінде өткізілді. Фестивальға Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустириялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М.Қарабаев және облыс тұрғындары мен қонақтары, блогерлер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Айта кетейік, іс-шараға қатысушылар Өгем тау жотасының шығысы жағында орналасқан «Тәуелсіздік» шыңын бағындырумен қатар, суретшілердің сайысына да қатысты. Сондай-ақ, арнайы жол көрсетушілермен тауға шыққан жастар 2200 метр биіктікті бағындырып, өз алдарына рекорд жаңартты.

Бұдан бөлек, “Bal Tekstil” кілем тоқыма фабрикасының демеушілігімен «Біз туризм және экологиямен біргеміз» қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған шара қоғамдағы өзекті мәселе - ата-ана қамқорлығынан айырылған жандарға арналды. Фестиваль қортындысы бойынша белсенді жастар мен суретшілер марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1296
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2854
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 952
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 890