Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3131 0 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 15:53

Түркістандықтар қоныс тойын тойламақ

Жыл сайын елімізде халықтың әл ауқатын арттыру мақсатында баспана алу мәселесі жүйелі жолға қойылып келеді. Осы ретте, Елбасы Үкіметке «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын нақтылауды тапсырған болатын. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағын ауданында 5 қабатты 2 тұрғын үй құрылысы бітуге таяды.

Биылғы жылдың соңына қарай жаңа пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек.

Осы кезекте Қазақстан иппотекалық компаниясы арқылы 9 қабатты 2 үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығы белгілі. Жақын күнде мұнда да заман талабына сай баспаналар тұрғындар игілігіне берілетін болады.

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін қуаншты хабар – жаңа шағын ауданның маңынан тағы да 8 үйдің құрылысы басталмақ. Бұл үйлерді келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Айта кетейік, өткен  жылы Шымкентте «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4271 пәтерлі 74 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын.

Өңірде тұрғындарды баспанамен қамту мәселесіне тоқталған әкім: «өткен жылы Шымкентте «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4271 пәтерлі 74 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал осы жылы облыс бойынша 1 816 пәтерлік 115 үйді тапсыру көзделген»,-деді.

Оның сөзіне қарағанда, биыл тапсырылатын үйлердің 35-і, яғни 1260 пәтер Шымкент қаласында пайдалануға беріледі.

Таратылған мәліметке қарағанда, 2015 жылы 104 білім ошағының құрылысы жүріп, 66-сы тапсырылды. Нәтижесінде, 30 апатты, сондай-ақ үш ауысымдағы 3 мектептің мәселесі шешілді.

Абай ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618