Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2209 0 пікір 19 Қыркүйек, 2016 сағат 10:43

Ордабасыда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында 71 жаңа жұмыс орны құрылды

Ордабасыда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» аясында 71 жаңа жұмыс орны құрылды.

Ордабасы ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 1590 азамат өтініш білдірді. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осылардың ішінде 70 азамат бағдарламаның 1 бағыты - «Инфрақұрылымды және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен уақытша жұмыспен қамтылғандар. Бағдарламаның ІІ бағыты - «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» аясында жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне - 30 азамат оқытылып, осы бағыт шеңберінде 87 адамға 240,6 млн. теңге шағын несие берілді. Нәтижесінде  71 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ал бағдарламаның ІІІ бағыты шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына 1206 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі таңға жолданғаны 912 азамат, яғни жоспар 75,6 пайызға орындалды. 

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша 156 адам 28 мекемеге жолданды. Ал 127 жас маман Жастар практикасына тартылды.

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5667