Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3011 0 пікір 17 Қыркүйек, 2016 сағат 17:41

Оңтүстiктiң өз өнiмi

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстiк Қазақстан».

Отандық тауар өндiрушiлердi насихаттау мақсатында Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Ontustik өнiмдерi—2016» көрме-жәрмеңкесi өттi. Онда 150-ден астам жергiлiктi компания тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңiл және құрылыс өнеркәсiбi салалары бойынша өз өнiмдерiн келушiлер назарына ұсынды.

Көрме-жәрмеңкенiң өтуiне «Kazbrends», «Rixos Khadisha Shymkent», «Canvashotelshymkent», «Shymkent GrandHotel », Almaty Management University «Арай де люкс», «Рахима плаза» секiлдi бизнес ұйымдар атсалысты.

Биылғы көрменiң ерекшелiгi сол, оған «ВизИТ», «Бал текстиль», «Назар текстиль», «Карлскрона», «Стандарт цемент», «Ордабасы құс», «Шымкент құс», «Барыс—2007», «Golden Nomad» тәрiздi iрi кәсiпорындармен бiрге «Amfa Global», «Baby Plast», «Софи» сияқты жаңадан ашылған компаниялар да қатысты.

Көрменiң жұмысымен танысуға келген облыс әкiмi Б.Атамқұлов отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмiн тамашалап, аталған шараны ұйымдастырған ОҚО кәсiпкерлер палатасына алғысын бiлдiрдi.

— «Оңтүстiк өнiмi» дегенде қазақстандықтар көз алддарына «жоғары сапа» мен «тиiмдi бағаны» елестетуi тиiс. Сол үшiн жергiлiктi компанияларды ең алдымен өнiмдерiнiң сапасына, бағасының тиiмдiлiгiне көңiл бөлуге шақырамын. Осы екi талаптың үдесiнен шыға бiлсек, Оңтүстiктiң өнiмi iшкi және сыртқы нарықта өз орнын ешуақытта жоғалтпайды, —дедi ол.

Шара барысында «Қазақстанның үздiк тауары» атты өңiрлiк көрме-байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесiнде, «Халық үшiн үздiк тауар», «Өндiрiстiк бағыттағы үздiк тауар» және «Үздiк азық-түлiк тауары» номинациялары бойынша жеңiмпаздар анықталды. Алғашқы аталымда бiрiншi орынды «Азала текстиль» ЖШС жеңiп алса, екiншi орын «Әлем БТ» ЖШС, үшiншi орын «Назар текстиль» ЖШС-не бұйырды. Ал, «Карлскрона» ЖШС өндiрiстiк бағыттағы ең үздiк кәсiпорын атанса, осы номинациядағы екiншi, үшiншi орындар «Триумф» пен «Батсу Водоканал» ЖШС-лерiне берiлдi. Сондай-ақ, ең соңғы аталым бойынша бiрiншi дәрежелi дипломмен «Барыс—2007» ЖШС марапатталса, «Амангелдi» ЖШС екiншi, ал, «Ладушки» ЖШС үшiншi орыннан көрiндi.

Осы байқауда жеңiмпаз атанғандар Астанада өтетiн республикалық «Қазақстанның үздiк тауары» көрме-конкурсына қатысатын болады.

Сонымен бiрге, «Халық таңдауы», «Жылдың серпiнi», «Жылдың брендi», «Әлеуметтiк маңызды стартап» номинациялары бойынша да жүлдегерлер марапатталды.

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5658