Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3237 0 пікір 17 Қыркүйек, 2016 сағат 15:06

Оңтүстіктің өнімі Павлодарда

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында алғаш рет Павлодар облысында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке  болашақта өңірлер арасында  тиімді серіктестік орнатуға ықпалын тигізбек. Жәрмеңкеге облысымыздың 15-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

Оңтүстікқазақстандық  диқандар көкөніс, бау-бақша мен жеміс жидек өнімдерін жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 20-25 пайыз төмен бағада павлодарлық тұрғындарға саудалады. Диханшылардың айтуынша, қойылған барлық ауыл шаруашылығы өнімдері санаулы сағаттарда сатылған. Бұл ең алдымен, ұсынылатын өнімнің сапасы мен тиімді бағасына байланысты.

Аталған жәрмеңке Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқын азық-түлікпен, соның ішінде, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде негізгі орталық  екенін тағы да дәлелдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1211
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2737
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 872
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 826