Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2602 0 пікір 17 Қыркүйек, 2016 сағат 10:47

Шымкенттің әкімі қалалық мәслихат депутаттарына есеп берді

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Есепті жиынға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, халық қалаулылары қатысты. Сессия жиынында шаһар басшысы өткен жылы қала экономикасына жан-жақты талдау жасалынып, қаланың 2020 ж. арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы дайындалғандығын жеткізді.

Осылайша, жоспарланған іс-шараларды іске асыру үшін қаланың 2016 ж.бюджетіне жаңадан 68 жоба (16,3 млрд.теңге жоспарланған) енгізілгендігін айтып өтті. Осы жылдан бастап әкімдіктің жұмыс жоспарына қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешу, қала тұрғындарының қауіпсіздігі, баспана және әлеуметтік инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру және қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция мен туристердің санын арттыру міндеттері қойылып отыр. Осы мәселелерді толық қамтыған қала әкімінің есебіне қалалық мәслихат депутаттары оң баға берді.

Баяндамасының соңында шаһар басшысы Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында жыл өткен сайын үшінші мегаорталық-Шымкент қаласы бюджетінің өсіп келе жатқандығын айта келе, "Президент тапсырмасының жоғары деңгейде орындалуына бар күш-жігерімді сала қызмет етемін",- деді.

"Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 11 нысанның құрылысына 7,4 млрд.теңге бөлініп, қазіргі таңда барлық нысанның мердігерлері анықталып, 3,1 млрд.теңгесі игерілді. Ал, халықты инженерлік жүйелермен қамту бағытында қала тұрғындары орталықтандырылған сапалы ауыз сумен 85, канализация жүйелерімен 41, газбен 86, ал, сапалы электр қуатымен 84 пайызға қамтылған. Биылғы жылы барлығы 47 инженерлік жүйелердің құрылысына 18,6 млрд.теңге қаржы бөлінді. Осы уақыт ішінде шаһарда 9 ауыз су құбырының құрылысы жүргізіліп, биыл оның 7-уі пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 98 мың халық ауыз сумен қамтылады. Ал, электрмен қамтамасыз ету бағытында 10 жобаның құрылысы жүргізіліп, оның алтауының құрылысы аяқталды. Осылайша бұл көрсеткіш 84 пайыздан 88 пайызға өсті. Газбен қамтамасыз ету бағытында жүргізілген 8 жобаның 4 жобасы аяқталып, ел игілігіне берілді. 64 мың халық орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671