Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2552 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 18:08

ОҚО-да қант зауыты ашылады

Оңтүстiк Қазақстан облысында қант зауытын ашу жобасы таяуда өңiрде өткен «Ontustik Invest – 2016» форумы кезiнде ОҚО әкiмдiгi мен «Jamal Al Ghurair Est» компаниясы арасында түзiлген меморандум нәтижесiнде жүзеге аспақ.

Қант зауытының құрылысын бастауға жер телiмiн қарастыру үшiн таяуда Шардара ауданына жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Сапар кезiнде шетелдiк компанияның өкiлдерi жергiлiктi шаруалармен кездесу ұйымдастырып, зауытты шикiзатпен қамтамасыз ету үшiн ондағы егiстiкке қант қызылшасын егу жайын талқылады. Бұл шаруалардың еккен қызылшасын үнемi зауытқа өткiзiп отыруды қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, жиында суармалы жерлердiң тапшылығын су каналдарын қайта жөндеуден өткiзу арқылы шешу мәселесi көтерiлдi. Өз кезегiнде, «Jamal Al Ghurair Est» компаниясының өкiлi аталған мәселенi шешу iсiне қатысуға дайын екенiн жеткiздi.

Қазiргi таңда жобаны жүзеге асырудың техникалық-экономикалық кезеңi әзiрленуде.

Айта кетейік, осының алдында облыс жұртшылығына үндеу жасаған Бейбіт Бәкірұлы Қазақстанда алдағы бес жылда айналымға кем дегенде 600 мың гектар суармалы жер қосылатындығын айтқан болатын. 

Осы ретте аймақ басшысы егістікті ағын сумен толық қамтамасыз ету үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып су қоймаларын салудың жоспарын әзірлеуді тапсырған.

Abai.kz     

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5662