Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2381 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 18:04

Француз инвестициясы: ауылшаруашылығы үшін

2020 жылы асыл тұқымды мал басы 4 есеге артып, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елiмiздегi ет экспорты 60 мың тоннаға жетуi тиiс. Алайда, «ҚазАгро» ұлттық компаниясының мәлiметiнше, бүгiнде Қазақстан шетелге небәрi 10-12 мың тонна аралығында ет сатуда. Елiмiздiң iшкi нарығында да бұл сала бойынша теңгерiмсiздiк қалыптасуы осыдан. Есесiне сырттан жеткiзiлетiн сиыр етiнiң импорты өсе түскен. Мұндай қарқынмен экспорт көлемiн 60 мың тоннаға жеткiзу, әрине, оңай емес. Сарапшылардың пiкiрiнше, осы меженi бағындыру үшiн кемiнде 300 мың iрi қара малды бордақыға ұстау қажет екен. Бұл бағытта асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың маңызы айрықша екенi әмбеге аян. Мемлекет түрлi бағдарламалар арқылы мал шаруашылығын, оның iшiнде iрi қара малды асылдандыруға басымдық берiп жатыр. Осыған орай экономикасының ең негiзгi бөлiгiн ауыл шаруашылығы саласы құрайтын Созақ ауданына Франциядан қомақты инвестиция тартылып, мал шаруашылығын дамытуды көздейтiн серпiндi жоба iске асқалы тұр. Жоба 2016–2020 жылдарға арналған. Бұл жөнiнде аудан әкiмдiгi мен жобаны қаржыландыратын франциялық «Катко» БК» ЖШС арасында екiжақты меморандум түзiлген.

Инвестиция демекшi, қойнауы құт Созақ ауданына жыл сайын 80 млрд. теңге көлемiнде инвестиция келедi екен. Бұл облыс орталығы Шымкент қаласынан кейiнгi көрсеткiш. Алайда, отандық және шетелдiк қаржы көздерiнiң негiзгi нысанасы аймақтағы уран өндiрiсi болғандықтан, көпшiлiгi өрiсi төрт түлiкке толы өңiрдегi мал шаруашылығын жандандыруға тәуекел ете бермейдi. Оларға салсақ, қолбайлау болатын бiрнеше себептердi алға тартады. Ал, франциялық «Катко» компаниясы осы сеңдi бұзып, ауданда мал шаруашылығын өркендетуге құлшыныс бiлдiрiп отыр. Құны 400 млн. теңгенi құрайтын жаңа жобаның басты ерекшелiгi асыл тұқымды 500 iрi қара малды өсiру арқылы мал бордақылау алаңын ашып, аймақта ет өндiрiсiнiң әлеуетiн арттыру. Айта кету керек, жобаның ғылыми негiздемесi Қазақ Ұлттық аграрлық университетi мамандарының қатысуымен әзiрлендi.

Тың жобаның өңiрiмiз үшiн тиiмдiлiгi ұшан-теңiз. Бiрiншiден, алғашқы мезетте 500 асыл тұқымды iрi қараның төлiн өсiру арқылы асылданған мал басын көбейтуге мүмкiндiк туып отыр. Жоба сәтiмен жүзеге асса, жыл сайын олардың белгiлi бiр мөлшерiн етке өткiзiп, осында өңдеп, ет өндiрiсiне кеңiнен жол ашылады. Екiншiден, жем-шөп базасын жасақтау үшiн ауданның жер қорынан суармалы және жайылымдық алқаптар қарастырылған. Онда ауыл шаруашылығы мақсатындағы техникалар паркi жасақталады. Үшiншiден, жаңадан 50 жұмыс орны ашылады. Жоба жүзеге асса, аудан экономикасы үшiн серпiндi қадам болмақ.

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ.

Abai.kz    

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671