Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2310 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 18:02

Несие алып несiбесiн тергендер көп

Өңiрiмiзде «Ырыс» микроқажы ұйымынан несие алып, шаруасын дөңгелетiп отырған кәсiпкерлердiң саны күн санап артып келедi. Ұйым соңғы жетi жылда жалпы құны 19,9 млрд. теңгенi құрайтын 12 645 жобаны қаржыландырған екен. Соның нәтижесiнде облыс бойынша 11 087 адам жұмыспен қамтылған.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ұйымның несие портфелi 7,3 млрд. теңгенi құраса, биыл осы мерзiмге дейiнгi көрсеткiш 7,8 млрд. теңгеден асып отыр. Оның 80 %-ы мал шаруашылығын, 15%-ы егiн шаруашылығын, 5%-ы басқа да кәсiп түрлерiн дамытуға берiлген.

«Ырыс» микроқаржы ұйымынан несие алған жобалардың қатарында Ордабасы ауданының Төрткүл елдi мекенiнде мақта шаруашылығымен айналысатын «Байарыстан» шаруа қожалығы бар. Шаруашылық үш жылдан берi жеңiлдетiлген пайызбен несие алып, кәсiбiн жандандырып келедi. Қожалық мақта өсiру үшiн биыл 2,8 млн. теңге несие алған. Жоспар бойынша жыл соңына дейiн 90-100 тонна шиттi мақта жинауды жоспарлап отыр.

Микроқаржы ұйымы әлеуметтiк маңызы бар бағдарламаларға, оның iшiнде балабақша iсiн дамыту жобасын жүзеге асыруға да баса назар аударып келедi. Соңғы жетi жыл iшiнде «Ырыс» ұйымы арқылы 890 орынға арналған 15 балабақша iске қосылды. Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылындағы «Кәусар-Әли» балабақшасы өз iсiн дөңгелету үшiн қайтарымы 14%-ды құрайтын 7 млн. теңге несие алған екен. Ол қаржы балабақшаға қажеттi құрал-жабдықтар, жылыту қазандығын, балаларға арналған жиһаздар алуға жұмсалған.

– Соңғы алты жылда 75 мыңға жуық мал бордақылау алаңы үшiн несие бердiк. Бұл 63 мың тонна ет өнiмiн шығаруға жұмсалды. 6 мыңға жуық мал күтiмi қаржыландырылып, бiр жылда 14,2 тонна сүт өндiрiлдi. Мақта шаруашылығы бойынша жылына 11,2 мың гектар жерден 23,5 мың тонна мақта жиналуда. Сондай-ақ, 9 ауыл шаруашылығы техникасы шаруаларға лизингке берiлдi, – дейдi «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Хилола Назарметова.

Ұйымның ерекше атап өтетiн жобаларының бiрi – жеке кәсiпкер Ш.Пiрiмқұлов ашқан жылыжай. Кәсiпкер 2009 жылы жеңiлдетiлген пайызбен «Ырыс» ұйымынан 8 млн. теңге несие алған. Нәтижесiнде 0,35 гектар жерге жылыжай құрылысын жүргiзiп, бүгiнде кәсiбiнiң жемiсiн көруде. Ал, 2013 жылы тағы 12 млн. теңге несие алып, жылыжай аумағын 1,2 гектарға ұлғайтқан. Соның нәтижесiнде қазiр жылыжайдан 150 тонна қызанақ, 100 тонна қияр өндiрiп отыр.

Ерболат АЙНАБЕКОВ.

Abai.kz    

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671