Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3181 0 пікір 15 Қыркүйек, 2016 сағат 15:18

ОҚО-да машина-трактор стансасы құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында машина-трактор стансасы құрылды. Бұл туралы «Абай ақпарат» ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.Ауыл шаруашылығы  өнімдерінің көлемін ұлғайтуды,  экспортқа шығаруды  қамтамасыз етуде  ұсақ тауар өндірушілердің мәселелерін кешенді шешу үшін,   ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»   Заңына сәйкес, облыста кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге облыста 8 мыңнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне бірігіп, жұмыс атқаруда. Олар даму бағыттары бойынша 19 бірлік мақта шаруашылығы,  30 бірлік астық, 4 бірлік сүт өндірісі, 13 бірлік ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтардан құралып отыр.

Сонымен қатар, биылғы жылы облыста 14  машина-трактор  стансасы (МТС) құрылған.

МТС-тер құрамында 108 доңғалақты трактор, 7 шынжыр табанды тракторр, 28 астық оратын, 9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа да техникалар бар.        

Дереккөзі: ҚазАқпарат агенттігі

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1257
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2785
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 908
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 854