Жексенбі, 24 Қараша 2024
Құсни хат 3632 0 пікір 15 Қыркүйек, 2016 сағат 08:57

САПАРБАЕВҚА АШЫҚ ХАТ

Ақтөбе облысының әкімі 

Б.М.Сапарбаевқа 

 

Ашық хат - SOS! 

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ҚР Заңының 1-бабы 13 тармақшасына, 15-бабы 2-тармағының 6, 8 тармақшаларына сәйкес адам өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын қалпына келтіру, лауазымды тұлғаның заңсыз іс-әрекетін жою, сондай-ақ субъектілердің Заңсыз Шешімдерінің күшін жою туралы талабына сәйкес жұмыскердің өзінің құқықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқы бар.  

Құрметті Бердібек Машбекұлы! - «Қарттар және мүгедектер интернат үйі ММ – нің» директоры Е.Бейсқалиев (заңды тұлға) пен оның ѳкілі А.Таспенов және үшінші тұлға «ҚР Еңбек заңнамасы бойынша әдістемелік кеңес беру орталығы ЖШС» – нің директоры А.Құрманалы менің (жұмыскер Н.Сисенбай) бұзылған  еңбек құқықтарымды қорғап жұмысқа қайта алу және заңдылық пен бұзылған еңбек құқымды қалпына келтіру туралы Сіздің атыңызға жазған «Арызымды» (құжатты) негізге алып, «жеке тұлға» ретінде бүгінде менің үстімнен сотқа жүгінуде  Бұл арыз Ақтѳбе облысы әкімінің аппаратында кіріс: № К\Е00899\8 - 26.04.2016ж. санды тіркелген.  

Заңды тұлғаның (директор) «жеке тұлға» ретінде қызметкерінің үстінен сотқа талап арыз түсіруі заңнан тыс. Мұндай талап арыз ҚР АПК 152 бабының талаптары бойынша қаралмауы тиіс. 

Құрметті Бердібек Машбекұлы! – Әкімшілік рәсімдер туралы ҚР Заңының 15-бабы, 1-тармағының 6-тармақшасына, 2-тармағының 1, 2-тармақщаларына, 20-бабы, 2-тармағына сәйкес, азаматтардың құқықтарын іске асыру рәсімдерінде – азаматтардың өтініштеріне байланысты іс-материалдарының (құжаттардың) басқа лауазымды адамға НЕГІЗСІЗ берілуіне, ӨТІНІШТЕ іс-әрекетіне ШАҒЫМ айтылған лауазымды адамға (Е.Бейсқаливке) ӨТІНІШТІ жіберуге және ШАҒЫМДЫ берген адамға (Сисенбай Н.Қ) зияны тиетіндей етіп шағымның өңін айналдыруға жол берілмеуге тиістігі анық көрсетілген.  

Лауазымды тұлғалар шағымдарды іс-әрекетіне шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жібермеуге және өтініш берген адамға заңды тұлғалардың зиян келтіретін өтінішіне жол бермеуге міндетті (ҚР АПК баптарынан). 

Бұл хаттың қалай шығып кеткені туралы, шағым келтірген басқа да құзырлы мекемелерге хат жазып сұрау салдым. Нәтижесі төмендегідей: 

«НұрОтан» партиясының жауабы: «НұрОтан» партиясы менің арызым мен жауаптарды ешкімге бермегенін мәлім етті» (қараңыз: Шығыс №ШҚ-4-09-03/944. 17.08.2016). Қол қойған: Н.Ағниязов. 

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының жауабы: «...Қарттар және мүгедектер үйі интернаты» ММ басшылығының үстінен жазған арызыңыз, аталған мекеме басшылығына, яғни іс-әрекетіне шағым жасалып отырған тұлғаға жіберілмеген» (Қараңыз: Шығыс-№ФЛС01905/0). Қол қойған А.Шериязданов. 

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру ж/е әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-сінің орынбасары А.Жекеевтың де менің арызымды шағым келтірілген Е.Бейсқалиевтың қолына табыстамағаны туралы жауабы және бар. (Қолын қойған А.Жекеев). 

Әркім арыз, шағым, өтініш нысанында өзінің құқықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы және оларға кепілдік беріледі (ҚР Конституциясы 13 бабы, 1-тармағы; 12-бабы, 1-тармағы).    

СҰРАЙМЫН: 

Құрметті Бердібек Машбекұлы! Билік өкілдеріне соның ішінде Сіздің атыңызға жазылған және мөріңіз басылып, бақылауыңызға алынған «Арыз» (кіріс: № К\Е00899\8 - 26.04.2016ж санды) хат, үстінен шағым келтірілген Е.Бейсқалиевтың қолында қайдан жүр???  

Көмекшілеріңізге, басқаларға «жеке тұлға» Е.Бейсқалиевке өзіңіздің «бақылауыңыздағы» хатты (құжатты) алуға пәрмен бердіңіз бе?

Егер Сіздің келісіміңізбен берілген болса мен мұны қалай қабылдауым керек? 

Осы жайдан Сіздің көмекшіңіз де, хатшыңыз да хабардар. Сіздің де атыңызға жоғарыдағыдай «сұрау» салып, жазбаша хат түсірген едім. Өкінішке орай әлі күнге дейін жауап берілмей отыр. 

Құрметті Бердібек Машбекұлы! Сізге келтірілген хат облыстық әкімдіктен шыққан және бұл хатта заңнан тыс ештеңе жазылмаған. Бақылауға алынған хаттағы фактілер Заң мен Ар-Ұятты басшылыққа ала отырып, бұзылған құқықтарды ғана қалпына келтіруді сұрайды (Конституцияның 4-бабы 1-тармағы; ҚР Жоғарғы Сотының 19.12.2003ж. №9 нормативтік қаулысы). 

ҚР Конституциясының 1-бабының 1-тармағын, 83-бабының 1-тармағын қамтамасыз етуіңіз арқылы Сіздің бақылауыңызға алынған, мөріңіз басылған, үшінші тұлғаға берілмеуі тиіс 20.04.2016 жылы бұзылған еңбек құқықтарымызды қорғап жұмысқа қайта алу (восстановление) және заңдылық пен бұзылған еңбек құқықтарымды қалпына келтіру туралы жазған шағым, өтініш хаттардың басқа адамдар А.Таспенов пен А.Құрманәлінің және іс-әрекетіне шағым келтірілген «жеке тұлға» Е.Бейсқалиевтың қолдарына қалай түскенін назарға алуыңызды сұраймын.   

Жауабыңызды күтемін. 

Құрметпен: Н.Қошаманұлы                   

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, дәрігер. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5684