Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3391 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 17:59

ОҚО-да 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Оңтүстік Қазақстанда 7 айда тамақ өнеркәсібіне 3 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Дәл осы көрсеткіш жыл соңына дейін еселене түспек. Бұл туралы "Абай-ақпарат" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мәселен инвестиция тартылған жобалардың бірі Қазығұрт ауданында жүзеге асқан «Lotus Food Company LLC» ЖШС тез дайындалатын кеспе жобасы. Бұл жобаға 471 млн. теңге көлемінде инвестиция салынған. Сонымен қатар, 1 млрд. 900 млн. теңге инвестиция тартылған «Шымкент май» жобасы бүгінде өз өнімдерін экспортқа шығаруда. 

Инвесторлардың үздік үштігінде Германия, Польша және Түркия елдері көш бастап тұр. 
Айта кетейік, тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында Шымкентте қазақстандық пен шетелдік жетекші компаниялар қатысқан «AgroProm Shymkent 2016» көрмесі өтті.

Көрмеде азық-түлік және сусын түрлері, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтар ұсынылды. Сондай-ақ, шара барысында «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда барлық қатысушылар ойларын ортаға салып, даму жолдарын сөз етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1121
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2657
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 775
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 740