Жексенбі, 24 Қараша 2024
Құлақтың әңгімесі 4241 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 12:36

Т.ТӨЛЕШЕВ: "АТЫРАУДАҒЫ МИТИНГІНІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРДЫМ"

«Шымкентсыра» зауытының экс-директоры Тоқтар Төлешев митинг ұйымдастырғанына өкінетінін айтты. Бұл туралы kaz.365info.kz сайты TOPpress.kz басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Төлешевтің қорғаушысы Евгений Яровскийдің айтуынша, хаттамалар Төлешевтің түсініктемесі негізінде жазылып, оған өз атынан қол қойылған.

«Тергеушілер ешқандай қысым жасалмаған» дейді Яровский.

«Төлешев түсініктемені өз еркімен берді. Маған шағымданған жоқ. Егер оған біреу қысым көрсетсе, бірден маған айтар еді…Қандай түсініктеме берді, ендеше барлығы солай болған. Түсініктеме ғаламторға тарап кетті. Ол митинг ұйымдастырғанына өкінетінін өз көздеріңізбен көрдіңіздер» дейді заңгер.

Төлешев интернетте тараған мәлімдемесінде Атыраудағы митингіні өзі ұйымдастырғанын мойындап, жоспарын жүзеге асыру үшін қазір түрмеде жатқан Талғат Аянды іске тартқан. Соңғысына қатысты қазір тергеу амалдары жүруде.

16 қылмыстық іс бойынша айып тағылған Төлешевке ісі сотта қаралуда. 

Редакциядан: Атыраудағы бейбіт шеруде кісі шығыны болған жоқ. Қазақстан экономикасына ешқандай залал келтірілген жоқ. Мемлекеттік тұтастығымызға сызат түсіретіндей оқиғалар да болмады. Ендеше, Төлешев неге өкініп отыр? Жер комиссиясы құрылып, халықтың талабы орындалғанына ма? Атыраулық батыр жігіттердің бастамасымен бүкіл қазақ жұрты жерді жалға беруге қарсылық білдірді. Нәтижесінде Елбасы мораторий жариялап, кейіннен бұл мораторий 5 жылға созылды. Төлешев осыған өкінді ме екен? Түсініксіз!

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5664