Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2546 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 11:01

Шымкентте білім саласына бөлінген қаржының көлемі 8,7 млрд теңгеге өсті

Сапалы білім алу - еліміздегі әрбір азаматтың құқығы. Осыған орай ҚР Президенті білім саласына ерекше көңіл аударып,  мектеп, балабақша және басқа да білім нысандарын көптеп салдыруда.

Мәселен, 2015 жылы Шымкентте 84 қоғамдық балабақша, 208 жеке және 35 шағын орталық, 127 мектептер мен 327 балабақша ел игілігі үшін пайдалануға берілген.

Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш мемлекеттің қолдауымен айтарлықтай өсті. «Ұлттық қор»,  облыстық және қалалық бюджеттерден «Балапан» бағдарламасы аясында 2 мектеп, 4 мемлекеттік және 39 жекеменшік балабақша салынды. Жалпы осы жылы білім беру саласын дамыту үшін 40,3 млрд теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 8,7 млрд теңгеге артты.

Шымкент қаласы бойынша орташа балл 82,6 болып, ( 2015 жылы  - 81,8 б) «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер  саны өткен жылғыдан артқан. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқандар саны 16 278 -ге дейін өсті.  Ал, осы жылы "Алтын белгі" иеленендер саны 94 болды.

Білім мекемелеріндегі  жөндеу жұмыстары күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы орайда тұрғындар жаңа жұмыс орындары мен тұрақты жұмыс жасау бағытына ие болды.

2015 жылдың 8 айында жұмыспен қамту бойынша 11 523 азамат өтініш білдірсе, нақты 7899 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни 68,5 пайызды құрап отыр. Ал, 2016 жылдың 8 айында жұмыспен қамту бойынша 16 557 азамат өтініш білдіріп, нақты 12 415 азамат жұмыспен қамтылды. Яғни 75 пайызды құрап отыр.

Өткен жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Шымкентте 510 жаңа жұмыс орындары берілсе, қазірдің өзінде бұл көрсеткіш 1522-ге өсті. Оған еңбек қабілетіне белсенді және мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатысты. Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі 350 адам жұмыспен қамтылып, 424 өтініш жолданды.

Сонымен қатар, Шымкентте 2015 жылы 387 жұмыс орны ашылып, соңғы 7 айда шағын және орта бизнес жобаларын іске асыру белсенді жүргізілуде. Ал сол кезеңде бұл 448 жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етті.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5662