Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3189 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 09:25

Украинадағы сепаратистер өз тарапынан оқ атылмайтынын жариялады

Украинаның Луганск және Донецк облыстарындағы сепаратистердің жетекшілері 14 қыркүйек түнінен бастап өз тарапынан оқ атылмайтынын жариялады.

Ресейлік телеарналардың эфирінде берілген аудиотаспаға сәйкес, Донецк сепаратистерінің жетекшісі Александр Захарченко Минск бейбіт келісімін қолдайтынын және ол "жалғыз шешім" екенін мәлімдеді. Ол Киевті бейбіт келісім шарттарын орындауға шақырды.

Луганск облысындағы бүлікшілерді бастаған Игорь Плотницкий осындай мазмұндағы мәлімдеме жасады. Оқ атуды доғару туралы келісімге екі апта өткеннен кейін, осындай мәлімдеме таратылуына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Мәлімдемелерден бірнеше сағат бұрын Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы Радада жақын күндері Конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі дауысқа салынатынын хабарлады. Ол шығыс облыстарға автономия мәртебесін беруді қарастырады. 2014 жылдың сәуірінен бері жанжал аймағында 9 500 мыңнан астам адам өлді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1111
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2646
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 735