Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4334 0 пікір 8 Қыркүйек, 2016 сағат 12:43

ҚАЗАҚ БИЛІГІ ЕЛІН ТОНАУДЫ ҚАШАН ТОҚТАТАДЫ?

Жолда полиция қаптап тұратын тек біздің мемлекет пе деп ойлаймын. Алыс бармай-ақ мына Қытайда да жүрдім. Ресей жерлерін басып монғол еліне де өттік. Байқағаным, Қазақстан шекарасынан шыққан жүргізуші тұтқыннан босағандай əсерде болады екен.

Кеше Ресей шекарасын басып келген жолаушылардың да айтқаны сол "жолы да жақсы рахаттанып жүресің. Жолда 300-500 км-де бір полиция тұрса тұрады. Оның өзі бет алды тоқтатпайды. Ал қалай Қазақ шекарасына кіреміз, өзі мың шұқыр тесік жүйкені жеп келе жатса, айналасы 100 км жолда 9-10 жерде полиция тұрады" дейді.

Бұл расымен масқара!

Ұят! Тонау!

Полицияға халықты тонатып отыр!

Жолдың бəрін автоматтандыру керек. Қамера, спутник, басқа да бақылау тәсілі жеткілікті.

Техника мен технология дамыған кез. Оған қаражат та жоқ емес. Азын аулақ полиция жолды "потрулироват" етіп жүру керек. Ал қалған состав қандай да шұғыл жағыдайға дайын тұруы керек. Ал бізде бір жерде қаза болса, айналада толып жүрсе де кем дегенде бір, бір жарым сағат күтеміз. Себебі бəрі "охотада". Патруль сақтандырып, алдын алып бақылап жүру керек. Тұрып алып охота жасамау керек.

Бізде полиция қате жасап қоймауын қадағаламайды. Керісінше қате жасаса екен деп аңдып жүреді. Қате жасағанша ескертпейді. Қате жасауыңды күтіп тұрып "айыппұл саламын" деп бопсалайды. Мысылға, өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой. Жаяу жүргіншілер өтетін белгі тұрған жердің арғы жағына барып, күтіп тұрады. Неге? Жаяу жүргіншілерді өткізбесе ұстап "айыппұл саламын" деп бопсалау керек оларға. Ал шындығында олар сол белгінің қасында тұрып сол қателіктің орын алмауын қадағалау керек.

Серік Өміртай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618