Бішкекте террористік ұйымға мүше болды деген күдікпен қазақстандық ұсталды
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бүгін халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Шамо Мамедов есімді Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлады.
Комитет мәлімдемесінде 28 жастағы Мамедовтің Бішкекте 2 қыркүйекте болған терроризмге қарсы шаралар кезінде ұсталғаны айтылады.
Шамо Мамедов содырларды Сириядағы әскери іс-қимыл аймағына аттандырып отыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.
МҰҚК жедел-іздеу шаралары нәтижесінде Мамедовтің Қырғызстанға барған соң "тапсырма күтіп жатқаны" анықталғанын айтады. Күдікті қамауға алынып, тергеліп жатыр.
Абай-ақпарат