Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3739 0 пікір 8 Қыркүйек, 2016 сағат 09:52

Өзбекстан парламенті президент міндетін атқарушыны тағайындайды

Бейсенбі күні Тәшкентте Өзбекстанның заң шығарушы палатасы мен Олий Мәжілісі сенатының бірлескен отырысы өтеді. Онда Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін президент сайлауы өткенше, президент міндетін уақытша атқарушыны тағайындайды.

Өзбекстан Конституциясының 96-бабы бойынша, «қазіргі президент өзінің міндетін атқара алмаған жағдайда, оның міндетін елдің Олий Мәжілісі сенатының төрағасы атқарады. Үш айдың ішінде «Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы» заңға сәйкес сайлау өтеді» делінген.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның Олий Мәжілісі сенатының төрағасы – Нигматилла Юлдашев.

Каримовтің өлімі туралы ресми ақпарат 2 қыркүйекте жарияланды. Өзбекстанның тұңғыш президентін 3 қыркүйекте Самарқанда жерледі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676