Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4109 0 пікір 7 Қыркүйек, 2016 сағат 11:50

ОҚО-да «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы басталды

ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, облыс көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.

Іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.

«Учаске» іс шарасына ішкі істер органдарының барлық қызметтері және «Ұлттық ұлан» әскерилері қатыстырылып, кешенді тексерулер ұйымдастырылуда.   

Аталған іс шараның 4-күнінде  5000-ға жуық пәтерлер мен жеке үйлер тексеріліп, 3518 әкімшілік  құқықбұзушылық, оның ішінде «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша 468 құқықбұзушылық анықталды, сондай-ақ 37 тұлға профилактикалық есепке алынды.

Іс шара ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

ОҚО-да жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылды


ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері  «Назар аударыңыз, балалар!» жедел іс-шарасы барысында №55 орта мектебінде «Бірінші сынып жаяу жүргіншілеріне арналған» акциясын өткізді.

Полицейлер балаларға оқу жылы барысында аса маңызды және қажет болатын жол белгілерімен таныстырды. Оқытылған теориялық оқушыларды практика жүзінде көрсету үшін жол қиылысына алып барды. Сонымен, жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылды.

Нақ осы күні оқушыларға «Жолдос көмекке асығуда» мультфильмі көрсетіліп, әрбір жаяу жүргінші балақайларға естеліктер мен фильм дискілері таратылды.

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында жаяу жүргінші балалардың қатысуымен 246 жол көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 22 бала қаза болса, 241 жарақат алған.

Abai.kz  

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602