Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3065 0 пікір 7 Қыркүйек, 2016 сағат 11:26

ОҚО-да «тамақ өнеркәсібі» - Аgroprom Shymkent 2016 көрмесі өтпек

Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Сіздерді 2016 жылдың 8-9 қыркүйегі күндері Шымкенттегі «Көрме» орталығында өтетін «Тамақ өнеркәсібі» - AgroProm Shymkent 2016 Оңтүстік Қазақстан көрмесіне шақырамыз.

Көрмеге тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындар қатыса алады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушыларға төлем ақысыз 9 шаршы метр орын ұсынады.

Дамуды ынталандыру және өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен жабдықтарды тарту, инвестицияларды тарту мен шағын және орта бизнесті дамыту AgroProm Shymkent іс-шарасын өткізудің негізгі міндеттері болып табылады.

«Тамақ өнеркәсібі» көрмесіне жетекші қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысады. Олар азық-түлік және сусындарды өндіруге арналған жабдықтар мен технологияларды, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтарды, сонымен қатар, азық – түлік пен сусындарды ұсынады.

Көрме аясында толыққанды іскерлік бағдарламалар қарастырылған. Атап айтқанда, шарада «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Сондай-ақ, Retail–Distributor-Centre (супермаркеттер мен сауда желілерінің өкілдерімен өтетін көрме қатысушыларының бизнес-кездесулері), өнімдерді дегустациялау, әлеуетті серіктестерді/дистрибьюторларды табу мақсатында өндірушілердің өнімдерінің презентациялау және өзге де кездесулер қарастырылған. 

Көрмені тамашалау тегін. Толығырақ ақпаратты AgroProm Shymkent 2016 – www.agropromexpo.kz сайтынан ала аласыздар.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598