Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3768 0 пікір 6 Қыркүйек, 2016 сағат 10:54

ОҚО-да жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылды

ОҚО-да жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылды

 Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел іс-шарасы барысында №55 орта мектебінде «Бірінші сынып жаяу жүргіншілеріне арналған» акциясын өткізді. Бұл туралы  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Полицейлер балаларға оқу жылы барысында аса маңызды және қажет болатын жол белгілерімен таныстырды. Оқытылған теориялық оқушыларды практика жүзінде көрсету үшін жол қиылысына алып барды. Сонымен, жаяу жүргіншілер қатарына 500-ден аса оқушы қосылды. 
Нақ осы күні оқушыларға «Жолдос көмекке асығуда» мультфильмі көрсетіліп, әрбір жаяу жүргінші балақайларға естеліктер мен фильм дискілері таратылды. 

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында жаяу жүргінші балалардың қатысуымен 246 жол көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 22 бала қаза болса, 241 жарақат алған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 896
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2325
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 599
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 582