Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3630 0 пікір 5 Қыркүйек, 2016 сағат 17:53

Termincom.kz-тің тұсауы кесілді

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Termincom.kz cайтының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ғаламтор желісіне енген Termincom.kz сайты ғылым, білім, техника мен экономика, қоғамдық–әлеуметтік өмірдегі термин сөздердің бірыңғай республикалық терминологиялық электрондық базасы болып саналады" делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сайт қазақ терминологиясын жүйелеудің жаңа талаптарын жүзеге асыруды көздейді, терминологиялық лексиканы біріздендеру, терминологиялық қорды толықтыру, терминдерді және атауларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес реттеу, терминологиялық атауларды қолдану тиімділігін арттыру мақсатында бұқара қауымға арналған ақпараттық құрал.

Сайтқа кірушілер бекітілген терминдер мен қолданыстағы терминдермен танысып, оны қызметіне қатысты қолдана алады, ұтымды енгізілген терминдерді саралап, жаңа терминдерді сараптауға мүмкіндік туады.Салалық терминдерді қалыптастыру мен стандарттау, терминдерді аудару, термин түзудегі ұстанымдар туралы ғылыми және ғылыми-көпшілік, анықтамалық әдебиеттермен, терминология саласында жарық көрген  сөздіктермен таныса алады.

Сондай-ақ, сайттың басты міндеті - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясының бекітуге ұсынылатын терминдерді ашық талқылау және оларға дауыс беру арқылы қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, тілші ғалымдар, сала мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578