Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5081 0 пікір 2 Қыркүйек, 2016 сағат 10:05

Көңілдеске "тапсырыс берген" бұрынғы әкім түрмеге отырды

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев 11 жылға түрмеге отырды.

Оның бұрынғы екі қызметкері Арман Қожамұратов (тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық аудандық бөлімінің бұрынғы басшысы) пен Бейімбет Исмағамбетовты (әкімнің көлік жүргізушісі) кісі өлтіруді ұйымдастыру және кісі өміріне қастандық жасау қылмыстары бойынша соттады. Қожамұратов 11 жылға түрмеге отырса, Исмағамбетов 10 жылға бас бостандығынан айрылды.

Айыптау нұсқасы бойынша, 38 жастағы Серікқалиев биыл ақпанда оның көңілдесі делінетін Кристина Сәлімгерееваны өлтіруге бір миллион теңгеге "тапсырыс" берген. Сәлімгереева шенеуніктен ортақ қызының әкесі екенін мойындауды талап еткен.

Іс материалдары бойынша, Қожамұратов пен Исмағамбетов тапсырысты орындауға кіріскен. 23 ақпанда олар әйелді үйіне кіре берісте тосқан, Исмағамбетов Сәлімгерееваны он шақты рет пышақтаған делінеді. Сәлімгереева тірі қалды, сөйтіп полицияға жүгінді.

Бұған қоса, сот айыпталушылардың әрқайсысын жәбірленушіге моральдық шығын ретінде бір миллион теңгеден төлеуге міндеттеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 953
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2449
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 654
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637