Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 8486 0 пікір 2 Қыркүйек, 2016 сағат 09:37

ИСЛАМ КӘРІМОВТІҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Кәрімовтің денсаулығы» (Здоровья Каримову) деген парақшада өзбек халқының көшбасшысының соңғы сөзі жарияланды. Біз сол посты аударып, назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.


Соңғы пост және мен кетіп барамын

Құрметті, Өзбекстандықтар!

Сіздердің маған деген құрметтеріңіз бен сүйіспеншіліктеріңізге алғыс айтқым келеді. Біз бүкіл әлемге өз президентімізді жақсы көретінімізді, ол шын мәнінде әрқайсымыз үшін тын қымбат жан екенін дәлелдедік.

Шетелдің һәм ресейлік сыңаржақ сайттар Ислам Кәрімов «Диктатор», «Тиран» деп қаралап жатқанның өзінде біздің бүкіл халық мұның бәрі жалған екенін әлемге әйгіледі.

Осыны ұзақ уақыт жазып келгендердің өзі халықтың махаббатын мойындауға мәжбүр болды.

Мен мұның бәрі тек түс болғанын қалаймын. Мені оятып жіберсе ғой деймін. Бірақ, амал не, бәрі шынайы өмірде болып жатыр.

Барлық адам бұл өмірмен қоштасады, мұны бәріміз білеміз. Бірақ, біз өз көшбасшымыздың тірі екеніне, тірі болатынына соңғы сәтке дейін сендік. Сене береміз. Біз оны тағатсыздана күтіп, оның миллиондарға таныс дауысын, сөзін тыңдағымыз келді, оның сол баяғы риясыз күлкісін көруді қаладық.

Бірақ, енді мұның бірі де жоқ. Десе де, БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТ БІЗДІҢ ЖҮРЕГІМІЗДЕ МӘҢГІЛІК ӨМІР СҮРЕТІН БОЛАДЫ, ИСЛАМ КӘРІМОВ ӨЗБЕКСТАННЫҢ МӘҢГІЛІК ПРЕЗИДЕНТІ! ИСЛАМ КӘРІМОВ АТАТҮРІК СЕКІЛДІ ӨЗБЕК ХАЛҚЫНЫҢ ӘКЕСІ.

Ислам Кәрімов – әкелеріміз көптеген жылдар күресіп алып берген бостандықты бізге сыйлады.

Ислам Кәрімов – миллиондардың арманын сезінді.

Ислам Кәрімов – діни фанатиктердің елімізді басып алуына жол бермеді.

Ислам Кәрімов – әлемдік держава саналатын мемлекеттің іргетасын қалады.

Ислам Кәрімов – 31 миллион халықтың әкесіне айналды.

Ислам Кәрімов – ешқашан да ешқандай діни һәм ұлттық араздықты ушықтыратын істерге араласқан жоқ.

Ислам Кәрімов – Ұлы Көшбасшы, онымен теңдесер ешкім жоқ.

Егер де мен біреулеріңізді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын! Достар, мені кешіріңіздер, мен тек қана бәріміздің бір болуымызды ғана қаладым. Мен бүкіл әлемге Өзбекстан өз президентімен мақтанса деп ойладым, оған да қол жеткіздім. Сол үшін де достар, Сіздерге рахмет!

Сіздерге мың алғыс және тағы да кешіріңіздер!

Орыс тілінен аударған Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576