Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3786 0 пікір 1 Қыркүйек, 2016 сағат 16:36

Сейітқазы Матаевтың жұбайы күйеуінің өмірі үшін алаңдайды

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевтың жұбайы республиканың бас прокуроры Жақып Асановты күйеуінің өміріне араша түсуге шақырды.

"Күйеуім Сейітқазы Матаевқа қаржы жымқыру мен салықтан жалтару бойынша жалған айып тағып отырған тергеу мен сот процесінің ұйымдастырылуы - күйеуімді өлімге итермелеу деген ойға әкеліп отыр", -деді Баян Рамаханова. Оның айтуынша, негізсіз айыптаулар Матаевтың жүйкесін жұқартып, денсаулығына үлкен соққы болып тиді.

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев биыл 22 ақпанда«мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталды, кейін үйқамаққа ауыстырылды. Бір айдан соң оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынды.

Матаевтардың үстінен сот процесі Астанада 23 тамызда басталды. Содан бері Сейітқазы Матаев екі мәрте ауруханаға түсіп қалды.

Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толыққанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578