Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 6999 0 пікір 1 Қыркүйек, 2016 сағат 13:40

ОТГОНЦЭЦЭГ ГАЛБАДРАХ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕУДЕН БАС ТАРТТЫ

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах Мемлекет марапатын алған соң  журналистерге қазақ тілінде сөйлеуден бас тартыпты.  Бұл туралы «Nur.kz» порталы жазды.

Риода Қазақстан қоржынына қола жүлде салған палуан қыз қазақстандықтарға қазақ тілінде алғыс айтып, жанкүйерлерді сүйсіндірген еді.

Олимпиадада ел байрағын биікке көтерген спортшыларға құрмет ретінде өңір басшылары аста-төк сый-сыяпаттарын үлестіріп жатыр.

31 тамыз күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың қолынан пәтер кілті мен қымбат көлік алған Отгонцэцэг журналистерге қазақ тілінде сұхбат беруден бас тартыпты.

Палуан қыздың бұл әрекетіне түсініктеме берген бапкерлері: «спортшы түрлі шараларда ел ықыласы үшін қазақ тілінде көптеген сөздерді жаттап келеді» деген.

Алайда Олимпиададан оралғаннан кейін телеарналарға қатысқан палуан қыз қазақ тілінде бір ауыз сөз айтпаған екен. Осы жолғы кездесуде де тілшінің «тым болмағанда жаттаған сөзін айтқызып, видеоға түсіріп алайық» дегеніне бапкерлері көнбепті.

Айта кетейік, өңір басшысы Б.Атамқұлов Рио олимпиадасының жеңімпаздары – күміс және қола медаль иегерлері Жазира Жаппарқұл мен Отгонцэцэг Галбадрахты қабылдап, спортшыларды марапаттаған еді. Облыс әкімі халықаралық бәсекеде еліміздің намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен спортшы қыздарға «Нұрсат» шағын ауданынан екі және бір бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстап, кәсіпкерлердің атынан «Toyota Land Cruiser 200» және «Toyota Land Cruiser Prado» джип автокөліктерін мінгізді.

«Сіздер Рио олимпиадасында өнер көрсетіп жүргенде барша жерлестеріміз Өздеріңіз үшін жанкүйерлік танытып, күні-түні тілеулес болды. Сондықтан бұл сый-сияпатты бүкіл Оңтүстік жұртшылығының атынан берілген алғыс деп біліңіздер», - деді Б.Атамқұлов.

Өз кезегінде, спортшы қыздар – Жазира мен Отгонцэцэг саланы дамытудағы қолдаулары үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, 2020 жылы Токиода өтетін халықаралық олимпиадада ел үмітін ақтап, барын салатындықтарын жеткізді.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562