Жұма, 29 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 3736 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 13:38

ҚАЗАҚҚА МАЛ БАҒУДЫ ФРАНЦУЗДАР ҮЙРЕТЕТІН БОЛДЫ

Әлемдегі ең романтикалық елдің ветеринары Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі шаруаларға кеңес береді.

Қазақстанға агроөнеркәсіптік кешен саласындағы шетелдік сарапшылар «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығы ұйымдастырып жүрген отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған семинарлардың кестесіне сай ат шалдыруда.  

Мәселен, мал шаруашылығы бағытының сарапшысы Қанат Жанғозин Франциядан көп жылдық тәжірибесі бар ветеринарлық дәрігер, Тулуз университетінің профессоры Мюрьель Вабрені шақырды. Вабре ханым көп жылдан бері, арадаға шартқа сәйкес, Қазақстан Еуропадан сатып алған малды бағуға жәрдемдесіп келеді. 

Қазір оның семинарлары Ақмола облысында өтуде, одан кейін профессор Семей қаласына жол тартады. 

«Қазақстанның орталық бөлігіндегі, Астана, Алматы қалаларындағы фермерлер қызығушылық таныта қоймады.  Яғни, олар үшін шетелдік сарапшы келді ме, кетті ме, бәрібір.  Ал өңірлерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер мұны асыға күтеді. Сондықтан да біз семинарларды ең шалғай жатқан өңірлерде өткіземіз.  Бір семинар тіпті Зайсанда өтеді, ол жаққа бұған дейін бірде-бір сарапшы барған емес», – дейді Агробіліктілік орталығының басқарушы директоры Болат Сейсенов. 

Вабренің айтуынша, жақында Ақмола облысында өткен семинарда ірі қара малдың репродукциясы  туралы мәселе сөз болыпты. 

 «Негізінен сұрақтарды жағдайды жақсы білетін, осы мәселемен бетпе-бет келген адамдар қойды.  Салыстыру үшін Франциядағы мал шаруашылығы туралы сұрады.  Мені жергілікті малшылардың шетелдік тұқымдардан бөлек, жергілікті тұқымдарды дамытуға мән беріп отырғаны қызықтырды», – дейді ол. 

Оның пікірінше, шетелдік тұқымдар мен жергілікті тұқымдарды қатар дамыту қажет. 

Вабре, сондай-ақ, мал шаруашылығы бойынша Қазақстанда да, Францияда да жалпы мәселелер, яғни, мал тұқымдары, аурулары да бірдей екенін атап өтті.  

Тек еларалық ерекшеліктер мен заңнамалық айырмашылықтар бар. Семинар барысында жануарлардың жергілікті жағдайға бейімделу мәселесі де қарастырылды. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558