Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
Мәселенің мәні 5918 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 10:31

Н.НАЗАРБАЕВ. "КЕҢЕС ОДАҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРГІСІ КЕЛЕТІНДЕРДІҢ БАСЫ ЖОҚ"

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев польшалық бизнесмендерге Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы жұмыстың артықшылықтарын түсіндірді, - деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Егер біз сіздермен бірге қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін өңдесек, Қытайға, Орталық Азияға, Ресейдің батысы мен солтүстігіне сатуға болады, бұл өте тиімді болар еді. Польшаға Еуразиялық экономикалық одақтың несі ұнамайтынын білмеймін. Бұл іске бастамашылық еткен менмін. Ресей қайта Кеңес одағын жинап жатыр дейді біреулер. Мүмкін Кеңес одағының құлағанын қаламайтындар бар шығар, алайда оны қалпына келтіргісі келетіндердің басы жоқ, себебі бұл мүмкін емес. Сондықтан Еуропада бұл жайлы дұрыс түсінік бар деп ойламаймын», - деп мәлімдеді бизнес-форумда Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл жағдайды түзету үшін күзде «Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті» жақындату конференциясы өтетінін хабарлады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2358
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4025