Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4019 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 10:24

Назарбаев Польшаға Ресеймен бірлесіп көлік келісіміне отыруын ұсынды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Варшавада қазақ-поляк бизнес форумы кезінде сөйлеген сөзінде, Қазақстан, Польша және Ресей арасында келісім жасауды ұсынды. Көлік саласына қатысты үш жақты келісім кавказ транзит дәлізін пайдалануды да қарастырады, деп хабарлады "Интерфакс" және ТАСС.

"Экономикалық әріптестік (Польша мен Қазақстан арасындағы) өте күрделі бір мәселе - көлікке барып тіреледі. Қазақстаннан Польшаға дейін, және одан кері қалай қайтуға болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ол Польша президенті Анджей Дудаға "тым болмағанда көлік жөнінде үш жақты келесім жасау" үшін бірлесіп Ресейге шығуды ұсынды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Польшаға екі күндік сапармен барды. Қазақстан мен Польшаның 400-ден астам өкілін жинаған бизнес форумнан соң, ол Варшададан шығып Белградқа барады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1170
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2695
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 814
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 785