Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3081 1 пікір 23 Тамыз, 2016 сағат 12:36

Украина Шойгу мен тағы 17 ресейлік шенеунікті іздеуге берді

Украинаның Бас прокуратурасы Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгуға және тағы 17 жоғары лауазымды ресейлік шенеунікке іздеу жариялады. Оларға ел бейбітшілігінің, қоғамдық тәртіптің, ұлттық қауіпсіздігінің негіздеріне қарсы ауыр қылмыс жасаған деген айыптар тағылды. Бұл туралы бас прокурор Юрий Луценко мәлімдеді.

Оның айтуынша, шенеуніктердің әрекеті екі мыңнан астам украиналық сарбаздың өліміне әкеп соқтырды, солардың кесірінен сегіз мың жауынгер жараланды, бұған қоса шамамен 50 млрд доллардың мүлкі мен техникасы жойылды. Луценконың хабарлауынша, прокуратура қазір Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министрі Дмитрий Медведевке айыптар әзірлеп жатыр.

Баспасөз конференциясында Ресей президентінің көмекшісі Сергей Глазьев пен ресейлік Дума депутаты Константин Затулиннің телефон әңгімелерінің жазбасы тыңдатылды. Шенеуніктер Одесса мен Харьковтегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелерін талқылаған. Тергеу өкілдері сараптаманың аудиотаспада Глазьев пен Затулиннің дауыстары екенін растағанын мәлімдеді.

Бас прокуратураның хабарлауынша, қазіргі таңда Ресейдің 39 азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығын Киев Украинаға қарсы соғыс ашуға айыпты деп есептейді.

Донбастағы жанжал 2014 жылы көктемде Қырымның реселік аннексиясынан соң басталды. Киев және Батыс елдері Ресейді сепаратистерге қолдау көрсетті деп айыптайды. Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413