Ілеспе аударма жасаудың шеберлік кластары өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ағымдағы жылдың 22-26 тамыз аралығында Астана қаласында ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластарын өткізеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту мақсатында өткізілетін шеберлік кластарында ілеспе аударманың теориялық мәселелері, жазба мен ауызша (ілеспе) аударманың ерекшеліктері, оның базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, аудармашының сөздік қорын байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сондай-ақ, оқу барысында техникалық құралдарды қолдана отырып, ілеспе аударма жүргізудің тиімді тәжірибелік сабақтары арқылы ілеспе аудармашылардың практикалық біліктілігі арттырылады.
Шеберлік кластарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова және тәжірибелі ғалым аудармашылар жүргізеді.
Шеберлік сабақтарына орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұлттық компаниялардың аудармашылары қатысады.
Байланыс телефондары:
факс: 8 (7172) 408397;
тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87472642646; 87013198887
Абай-ақпарат