Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3074 0 пікір 18 Тамыз, 2016 сағат 13:48

Ақпараттық насихаттық топ ащысай ауылында

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен құрылған Жер реформасы туралы комиссия өз жұмысын сәтті аяқтап, жерді сату мен оны жалға берудегі түйткілді мәселелерді шешудің жолдарын қарастырғаны белгілі. Осы мақсатта аталған комиссия еліміздің өңірлерін аралап, онда шаруалармен кездескен. Қазірдің өзінде бірсыпара мәселелерді шешіп үлгерген комиссияның жұмысын өңірлердегі жұмысшы топтар жалғастыруда.

Кентау қалалық ақпараттық насихаттық тобы Жер кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында Ащысай ауылында болды. Онда Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Баубек шаруа Сабыр Кутузовпен кездесіп, жер реформасы бойынша құрылған комиссияның жұмысымен таныстырды. Шаруаның ойын біліп, пікір алмасты.

- Мен отбасыммен, балаларыммен тау бөктерінде қараусыз қалған жерді ретке келтірдім. Бау-бақша ектім, мал шаруашылығымен айналыстым. Мен осында жұмысты бастағанда көпшілік еңбегің еш кетеді, ешнәрсе болмайды деген пікірлер айтқан. Сенімсіздік білдірген. Қазір еңбегімнің жемісін көріп жатырмын. Біз ең алдымен еңбек етуіміз керек. Балаларымызды еңбекке тәрбиелеуіміз қажет. Еңбек еткен адам ешуақытта қор болмайды. Ащысай менің туып өскен жерім, ауылды гүлдендеру осындағы перзенттердің борышы деп білемін. Бейбіт өмірді сыйлаған Елбасына үлкен алғысымды білдіремін, - деді шаруа Сабыр Кутузов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450