Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2812 0 пікір 18 Тамыз, 2016 сағат 13:28

Қала əкімінің қатысуымен қала əкімдігінің кезекті мәжілісті өтті

Күн тəртібінде Шымкент қаласының жылу маусымына дайындығы мен жұмыссыздық мəселелері қаралды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Т.Қасымбеков өз баяндамасында жылу маусымына биыл 575 млн.тг қарастырылғанын мəлімдеді. Бұл қаржы қазандықтардың жөндеуі мен жылыту жүйесін қайта құру мен изоляциялауға жұмсалады. Белгілі болғандай аталған жұмыстар кестеге сəйкес жүргізіліп, 1 қарашаға дейін аяқталады. Екінші мəселе бойынша шаһар басшысына Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрайтыны жеткізілді. Аталған бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Халықты жұмыспен қамту жоспарына сай үстіміздегі жылдың 7 айында 11 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылыпты. "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасының аясында 1522 адам жұмыс орындарына жіберілді, бұл белгіленген меженің 131,2% құрайды. Сонымен қатар, 160 адам 3 айлық білімін жетелдіру курстарына 5 мамандық бойынша жіберілді. Қоғамдық ақылы жұмыстарға 562 қала тұрғыны тартылды. Мәжілісті қорытындылаған қала əкімі аталған салалардың маңызды екенін жеткізді. Жауапты мамандарға жоспарланған жұмыстарды тиісті деңгейде атқарып, өз мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485