Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2733 0 пікір 18 Тамыз, 2016 сағат 10:07

Жол құрылысының сапасы – билік назарында

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Шымкент қаласындағы құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар көшелердің жұмысымен танысты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жыл басында ОҚО әкімі Б. Атамқұловтың тапсырмасына орай жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, қаланың орталық көшелерін кеңейту жұмыстары басталған болатын. Осы аталған тапсырманың орындалуын қадалаған әкімдік өкілдері Тәуке хан мен Д.Қонаев даңғылы бойындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын аралап көрді.

Қазіргі таңда қаланың орталық көлік қозғалысындағы маңызды бағыт—Тәуке хан даңғылы бойындағы  жол жиегіндегі арықтар, аяқжолдар мен пандустар жаңартылуда. Күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айына дейін жалғасын таппақ. Қуантарлығы, құрылыс жұмыстарына пайдаланылған қажетті материялдардың 95 пайызы отандық құрылыс өнімдері.

Айта кетейік, жалпы облыста 199 нысанда жөндеу жұмыстар жүргізіліп, 519,9 шақырым жол мен жолаяқ және 16 көпірді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шқ. күрделі және 147,9 орташа жөндеуден, 72,3 шқ. құрылыс пен қайта құру, 146,7 шқ. елді мекендердің көшелері орташа жөндеумен қалпына келтірілетін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1033
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1163
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1132