Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2688 0 пікір 18 Тамыз, 2016 сағат 09:51

ОҚО-да жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды

Кеше өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен селекторлық мәжіліс өтті. Бұл туралы  ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәжілістің күн тәртібінде бүгінгі таңдағы өзекті 3 мәселе қаралды. Олар жаңа оқу жылына дайындық барысы, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы мен бұқаралық спорттың дамуы туралы.

Жоғарыда аталған мәселер бойынша облыс әкімі тиісті сала басшыларының баяндамасын тыңдап, бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Яғни аудан, қала әкімдеріне жаңа 2016-2017 оқу жылына дайындық барысын пысықтауды, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен тапсыру мерзіміне жіті назар аударуды жүктеді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы бұқаралық спортты дамыту мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облыс аумағында жыл басынан бері 28 спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілгенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруды және қарапайым тұрғындарға мейлінше қолдан келетін мүмкіндіктерді жасау үшін әрбір көпқабатты үйлердің ауласына қарапайым спорт құрылғылары орнатуды аудан, қала әкімдері мен сала басшыларына тапсырды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі күн тәртібінде қаралған әрбір мәселені жіті назарда ұстайтынын айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485