Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3689 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 11:23

Бейбіт Атамқұлов облыстық мәслихаттың депутаттарын қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысы басшысы Бейбіт Атамқұлов облыстық мәслихаттың депутаттары Р. Оспаналиеваны, Д.Әбіш пен Қ.Молдасейітовті қабылдады. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жэасай отырып хабарлайды.

Рашкүл Жәлелқызымен кездесуде атқарушы және сайланбалы органдарының гендерлік теңдік мәселелері талқыланды.

Ал, Қайрат Молдасейітовпен облыс әкімі ВИЧ індетін жұқтырған балалар мен олардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу проблемаларын талқылады. Сонымен қатар, кездесуде профилактикалық бағдарламаларды құру жолында жергілікті бизнес-қоғамдастық қорының қолдау көрсету тақырыбы қозғалды.

Аймақ басшысының қабылдауында болған облыстық депутат Дулат Әбіш Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына жасаған сапары жөнінде баяндап, онда су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысынан жөнелтілген гуманитарлық көмектің барғанын айтты. 

Кездесу барысында облыс депутаты сол аймақтың әкімінің алғыс хатын табыстап, сол ауданда тұратын этникалық қазақтар - қандастарымыздың алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданында жеке кәсіпкер Шалабаева  Шолпанкул  Мусреповна ІІІ-топтың мүгедегі. Өз ісін кеңейту мақсатында  2016 жылы  Сайрам  ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына  хабарласып, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысушысы ретінде әлеуметтік  келісім-шартқа тұрған.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында  «Ауыл  шаруашылығын қолдау қоры»  арқылы 1 млн 700 мың теңге шағын несие алып, тігін цехына 3 адамды жұмыс орындарымен қамтуды жоспарлап отыр. Жеке кәсіпкердің цехында тігілген киім-кешектерге тұрғылықты тұрғындардан сұраныс көп.

Азаматша  Ш.Шалабаева мүмкіндігі шектеулі жандарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға қолдау көрсетіп, табыс табуға себепкер болып отырған бағдарламаға  ризашылығын  білдіруде.

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511