СРОЧНО, КЕЙКІ БАТЫР КЕРЕК!
Министрліктердің бірінде жұмыс істейтін танысым хабарласады. (Өзі таныстығымыз болмаса, араласатын адамым емес еді)
– Кейкі батыр керек болып тұр, срочно!
– Кейкі батырды іздеп, бәріңе не көрінді?
– Не, менен басқа тағы біреу сұрады ма?
– Мәсімов сұрап жүр ғой, Ресейден.
– Ой, қалжыңдамай, тауып берші, шай-пайың менен.
– Ау, айналайын, шай-пайың өзіңе, дұрыстап жөніңді айтпайсың ба?
– Өй, бастық қой, Кейкі батыр туралы информация тауып әкел деген соң, бір білсе осы білер деп хабарласып тұрғаным ғой, көмектесіп жіберші, тілшісің ғой сен, білмейтінің жоқ.
– Бастығың да, өзің де бір... Немене тас ғасырында өмір сүріп жатырсыңдар ма? Интернет дегенді білесің бе? (біраз сөз айтайын деп ем, тілімді тістеп қалдым, сөз шығындап қайтем)
– Достоверный информация алайын дегенім ғой өзіңнен, жарайды аман бол, бір сұрап қалып ем... – деді де тұтқаны қоя салды.
Осындай да болып тұрады. Жүре берсең, көре бересің.
Қуат Әуесбай
Facebook-тегі парақшасынан