Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5140 0 пікір 16 Тамыз, 2016 сағат 14:54

Сайрам ауданы жаңалықтары

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты дамуда. Мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық факторлары мен бағыттары қамтылған ауданның даму концепциясы әзірленген. Бүгінде аудан аумағы 1147,61 шаршы шақырымды қамтитын 11 ауылдық округті, 42 елді мекенді біріктіріп отыр. Ауданда 200,6 мың халық татулықты ту етіп өмір сүруде, бұл жалпы облыс халқының 7,0 пайызын құрайды.

ЕЛДІ ЕТПЕН ҚАМТЫҒАН ҚАРАБҰЛАҚ

Сайрам ауданындағы елді мекендер ішінде  халық ең көп шоғырланған Қарабұлақ ауылдық округінде 10000 аса мал басы сиатын жаңа мал базары орны салынуда. Яғни, абаттандыру жұмыстарын жүзеге асыру бойынша құрылған жоспарға байланысты ауылдық округі әкімі мен жеке кәсіпкер А.Хасанов арасында түзілген «Ауыл орталығында орналасқан мал базарын ауыл сыртына көшіру мен өзара ынтымақтастық туралы келісімге» сәйкес, жеке кәсіпкер А.Хасанов тарапынан жаңа мал базары құрылысы  жүргізілуде. Сондай- ақ, ет комбинаты орналасқан Қарабұлақ ауылы елді етпен қамтып отыр.

МАЛ БОРДАҚЫЛАУ

Сайрам ауданы, мал басын бордақылаудан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алдыңғы қатардағы аудандардың бірі. Бүгінгі таңда ірі қара мал басы 176342 құраса, оның 32042 басы бордақылауда тұр. Бордақылау алаңдарында 1746 адам жұмыс істеуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2195
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2514
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1682