Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3537 0 пікір 16 Тамыз, 2016 сағат 14:49

ОҚО-да құрылыс басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Конкурстық іріктеу негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымына Тоқтар Оразұлы Усубалиев тағайындалды. 

Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің «Фейсбук» желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тоқтар Оразұлы Усубалиев 1972 жылы 22 қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылдық округінде туылған, білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист, инженер. 
Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы, сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау бойынша инспекторы болып бастаған. 

1998-1999 жылдары Шымкент қаласы, жобалау өндірістік басқармасының басшысы, 1999-2002 жылдары Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының жарнама бойынша инженері, экономикалық анализ және жоспарлау басқармасының бас маманы қызметтерін атқарған.

2002-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы аумақтық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы орынбасары және Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында еңбек еткен. 

2013-2014 жылдары «КазМТОГрупп» ЖШС-де директордың орынбасары болған.
2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Тау-Кен Самурык» АҚ-да ұйымдастыруды қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502