Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2998 0 пікір 16 Тамыз, 2016 сағат 10:19

ОҚО әкімі Ақтөбеде қаза тапқан Досбол Сапардың отбасына жаңа үйдің кілтін табыс етті

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан ҚР Ұлттық гвардиясының сарбазы Досбол Сапардың отбасына Шардара қаласынан 4 бөлмелі жеке тұрғын үйдің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Вnews.kz.


Бұл баспананы марқұм Досболдың шаңырағы деп білетінін жеткізген өңір басшысы осындай отаншыл ұлды дүниеге әкелген оның ата-анасына алғысын білдірді.

ОҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты рәсімге сонымен қатар, ОҚО ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры А.Оспанов, ОҚО ІІД ЖПҚ-нің бастығы, полиция полковнигі Б.Абылаев және Досбол Сапардың бауырлары мен туыстары, ішкі істер департаментінің жеке құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлерінің бір күндік жалақысына алынып, марқұм Досболдың отбасына берілген жаңа үйдің ауданы 138 шаршы метрді құраса, қосымша шаруашылық алаңшасы – 108 шаршы метр. Мұнан бөлек, ортақ қаржыдан отбасыға үшін ірі қара мен ұсақ малдар және тұрмыстық техникалар, компьютер мен қажетті жиһаздар алып берді.

Естеріңізге салсақ, 1997 жылы туған Шардара ауданы Көксу ауылының тұрғыны ҚР Ұлттық гвардиясының сарбазы Досбол Сапар Еркінбекұлы 2016 жылдың 5 маусым күні Ақтөбедегі №6655 әскери бөліміне жасалған қарулы шабуылдан қаза тапқан болатын.+

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534